Клавенесс Блаттердің ФИФА-ны басқару ұсынысына жауап берді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@FutboliPolitica

Фото: x_@FutboliPolitica

Норвегия футбол федерациясының басшысы Лисе Клавенесс Йозеф Блаттердің өзін ФИФА президенттігіне ұсыну туралы ұсынысына пікір білдіруден бас тартты.

Бұған дейін Блаттер Клавенессті әлемдік футболдағы ұстанымы үшін құрметке лайық деп атап өткен еді. Оның пікірінше, ФИФА-ны алғаш рет әйел адам басқаруы тиіс.

Алайда норвегиялық маман алдағы сайлауға қатысу мүмкіндігін талқылаудан бас тартты.

«Блаттер президент болған кезде мен әлі футболшы едім. Ол кезде бізге қысқарақ шортымен ойнауды ұсынғанын жақсы есімде, мен сол уақытта-ақ оған пікір білдіргенмін. Ал оның қазіргі мәлімдемесіне комментарий бермеймін», – деді Клавенесс NRK арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Клавенесс бұған дейін Норвегия құрамасында өнер көрсеткен, ал 2022 жылы Норвегия футбол федерациясының президенті болып сайланған. ФИФА президентін сайлау 2027 жылдың наурыз айына жоспарланған және Мароккода өтеді.

Еске салсақ, қазіргі ФИФА президенті Джанни Инфантино әлем чемпионаттарының коммерциялық және медиа құқықтарын 15 млрд долларға жекеменшік инвестициялық қорларға сату әрекетіне байланысты ұлттық футбол қауымдастықтары басшылары тарапынан қысымға ұшырап отыр. Осы жағдай аясында оның ұйым басындағы болашағы белгісіз күйінде қалып отыр.

Клавенесс Блаттердің ФИФА-ны басқару ұсынысына жауап берді – sport-hub