Колумбия бапкері Швейцариядан жеңілу себебін түсіндірді

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

Колумбия құрамасының бас бапкері Нестор Лоренцо 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Швейцариядан пенальти сериясында жеңілгеннен кейін ойынға баға берді.

Маманның айтуынша, командаға жеңіске жету үшін ең алдымен күш пен сәттілік жетіспеген.

«Әрине, бізге гол жетіспеді. Бұл өте тартысты, тактикалық тұрғыдан ауыр әрі тең дәрежедегі матч болатынын білдік. Соған қарамастан, негізгі уақыттағы ойынымызды ескерсек, біз бұдан да жақсы нәтижеге лайық едік деп ойлаймын. Бізде 15 соққы болды. Бұл аз көрсеткіш емес.

Футболда сен соқпасаң, саған соғады. Кейде доп қақпаға кіреді, кейде кірмейді. Матч соңындағы ереже бұзушылықтардың бірінен кейін алаңда бір ойыншыға кем қалып қоюымыз мүмкін деп алаңдадық. Оның үстіне, команданың физикалық күші де сарқыла бастады», – деді Лоренцо.

Енді Швейцария құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Аргентинамен кездеседі. Матч 12 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 06:00-де басталады.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде болады.

Колумбия бапкері Швейцариядан жеңілу себебін түсіндірді – sport-hub