Якин Колумбияны жеңген матчқа баға берді

ФИФА
Швейцария құрамасының бас бапкері Мурат Якин 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Колумбияны пенальти сериясында жеңгеннен кейін өз пікірімен бөлісті.
Маманның айтуынша, матч тағдырын шешуде ойын барысында жасалған ауыстырулар маңызды рөл атқарған.
«Бүгін біздің ойын жоспарымыз туралы естігілеріңіз келмейтін шығар. Бірақ бәрі дәл ойлағанымыздай өтті. Ең маңыздысы – нәтиже. Дегенмен мәселе тек тактикада емес. Матчтың басында бізге тәжірибе мен дұрыс психологиялық дайындық қажет болды.
Екінші таймда жасаған ауыстыруымыздың арқасында ойынға, әсіресе допқа иелік етуге жақсырақ бақылау орната алдық. Сонымен қатар пенальти сериясына арнайы дайындаған ойыншыларымызды алаңға шығардық. Жоспар әрқашан болады. Ал оның жүзеге асқаны ерекше қуаныш сыйлайды. Әрине, бүгін жолымыз болды, бірақ бұл да футболдың бір бөлігі», – деді Якин.
Енді Швейцария құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Аргентинамен кездеседі. Матч 12 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 06:00-де өтеді.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде болады.