Конор Макгрегор ММА тарихындағы үздік файтерлерді атады: Шавкат Рахмонов тізімге енді ме?

Фото: Getty Images
Екі салмақ дәрежесінде UFC чемпионы болған Конор Макгрегор аралас жекпе-жек (ММА) тарихындағы ең ұлы жауынгерлердің өз рейтингін жариялады.
Ирландиялық спортшы бірінші орынды күткендей өзіне берді. Үздік ондыққа ММА аңыздары, соның ішінде UFC-дің қазіргі чемпионы Ислам Махачев пен ұйымның бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов те енді.
Конор Макгрегор нұсқасы бойынша ММА тарихындағы ең үздік 10 жауынгер:
Конор Макгрегор
Андерсон Силва
Джон Джонс
Деметриус Джонсон
Валентина Шевченко
Аманда Нуньес
Ислам Махачев
Даниэль Кормье
Хабиб Нурмагомедов
Александр Волкановски
Бұған дейін Макгрегор жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмоновпен болуы мүмкін жекпе-жек туралы да пікір білдірген. Ирландиялықтың айтуынша, қазіргі уақытта мұндай кездесу оған қызық емес.
Макгрегор Рахмонов алдымен ауыр жарақатынан толық айығып, UFC чемпионы атағын жеңіп алуы керек екенін атап өтті. Тек содан кейін ғана олардың октагондағы кездесуі туралы айтуға болады деп санайды бұрынғы чемпион.
Еске салайық, 12 шілдеде Макгрегор бес жылдық үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. UFC 329 турнирінің басты кездесуінде Лас-Вегаста ирландиялық файтер америкалық Макс Холлоуэймен жартылай орта салмақта кездеседі.