«Оған чемпиондық титулды жеңіп алу керек». Конор Макгрегор – Рахмоновпен жекпе-жек туралы

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ufc.com

Фото: ufc.com

Ирландиялық спортшы қазақстандықпен айқас ықтималдығын жоққа шығармады.

«Оның ауыр жарақат алғанын білемін. Қалпына келу үшін оған әлі көп жұмыс істеу керек. Қазір ол маған не ұсына алады? Мен бұл туралы ойлануым үшін оған чемпиондық титулды жеңіп алу қажет, ал әзірге ол оған жақын да емес», – деді Макгрегор UFC 329 турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, 12 шілде күні Макгрегор соңғы бес жылдағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. UFC 329 турнирінің басты кездесуінде, Лас-Вегаста, ирландиялық спортшы жартылай орта салмақта америкалық Макс Холлоуэймен кездеседі.

Шавкат Рахмонов та UFC-тің жартылай орта салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта қазақстандық спортшы тізе жарақатының асқынуынан кейін қалпына келу үстінде, осыған байланысты ұйым рейтингінен уақытша шығып қалды.