Кори Гауфф US Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті

Фото: Jimmie48
Әлемнің төртінші ракеткасы Кори Гауфф түркиялық Зейнеп Сёнмезді жеңіп, US Open-2026 турнирінің екінші айналымына жолдама алды.
Бірінші айналымдағы кездесу 6:3, 6:4 есебімен аяқталып, 1 сағат 20 минутқа созылды. Бұған дейін теннисшілер өзара кездескен емес.
Гауфф бес эйс жасап, үш қосарланған қателік жіберді және алты брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Сёнмез бірде-бір эйс орындай алмады, екі рет қосарланған қателікке жол берді және қарсыласының добын алуға берілген бес мүмкіндіктің біреуін пайдаланды.
Екінші айналымда америкалық теннисші австралиялық Дарья Касаткина (WTA рейтингінде 61-орын) мен испаниялық Паула Бадоса (WTA рейтингінде 87-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Гауфф US Open турниріндегі алғашқы матчтарының сегізінің жетеуінде жеңіске жеткен. Бұған дейін америкалық теннисші 2023 жылы турнир чемпионы атанған.
US Open-2026 турнирі 30 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыстың қазіргі чемпионы — өткен маусымның финалында Аманда Анисимованы жеңген Арина Соболенко.