US Open бастауында Джойнт Самсоновадан басым түсіп, камбэк жасады: видео шолу

Фото: Jimmie48
Австралиялық теннисші Майя Джойнт (WTA рейтингінде 72-орын) US Open-2026 турнирінің бірінші айналымында әлемнің 47-ракеткасы Людмила Самсонованы жеңді.
Австралиялық спортшы 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 59 минутқа созылды.
Самсонова төрт эйс жасап, бір қосарланған қателікке жол берді және 11 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Ал Джойнт үш рет эйс жасап, үш қосарланған қателік жіберді және қарсыласының берген бес брейк-пойнтының төртеуін жүзеге асырды.
Теннисшілердің өзара кездесулерінде ресейлік спортшы 2:1 есебімен алда келеді. Самсонова Джойнтты 2025 жылғы Уимблдонның бірінші айналымында және 2026 жылы Торонтода өткен WTA-1000 турнирінің үшінші айналымында жеңген болатын.
Екінші айналымда Джойнт украиналық Элина Свитолинамен кездеседі. Бұған дейін теннисшілер өзара ойнамаған.
US Open-2026 турнирі 30 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында өтеді. Қазіргі чемпион — Арина Соболенко. Ол өткен маусымның финалында Аманда Анисимованы жеңген.