Кот-д’Ивуар – Норвегия: матчының тікелей трансляциясы

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Кот-д’Ивуар құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Норвегия құрамасына қарсы матч өткізеді.

1/16 финалдағы кездесу 30 маусым күні АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы «Эй-ти-энд-ти Стэдиум» стадионында өтеді. Басталу уақыты – Қазақстан уақытымен 22:00.

Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ кездесудің ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасында live режимінде бақылауға болады.

Еске салайық, бұған дейін Кот-д’Ивуар құрамасы алты ұпаймен Е тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне шыққан болатын. Норвегия да алты ұпай жинап, I тобында екінші орынмен 1/16 финалға жолдама алды.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтуде және 19 шілдеде аяқталады. Турнир тарихында алғаш рет оған 48 құрама қатысуда.