Басты бет
·
АО-2026

Кристина Морозова Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: AINAGOC

Фото: AINAGOC

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Морозова Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүрістен күміс медаль иеленді.

Морозова жарысты 1 сағат 35 минут 25 секундта аяқтады. Күміс жүлде үшін күресте ол Қытай өкілі Цзян Юньяньнан небәрі бір секундқа озып кетті. Қытайлық спортшы 1:35:26 нәтижесімен үшінші орын алды.

Алтын медальді тағы бір қытайлық спортшы Ян Люцзин жеңіп алды. Ол қашықтықты 1 сағат 33 минут 40 секундта жүріп өтті. Қазақстандық спортшы чемпионнан 1 минут 45 секундқа қалып қойды.

Қазақстанның тағы бір өкілі Эльмира Калимуллина 1:43:21 нәтижесімен алтыншы орынға ие болды.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Кристина Морозова Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды – sport-hub