Басты бет
·
Қысқы ойындар

Кристина Шумекова конькимен жүгіруден әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстандық конькиші Кристина Шумекова Бейжіңде өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдегер атанды.

Отандасымыз 1000 метр қашықтықты 1 минут 15,64 секундта бағындырып, екінші орынға ие болды.

Алтын медальді нидерландылық Ангел Далеман жеңіп алды. Ол аталған қашықтықты 1 минут 14,07 секундта жүріп өтті. Үздік үштікті польшалық Виктория Домбровская (1:15,85) түйіндеді.

Қазақстан атынан сынға түскен тағы бір спортшы Кристина Силаева 1 минут 20,44 секунд нәтижемен 20-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Бейжіңдегі жарыс Кристина Шумекова үшін ересектер арасындағы әлем кубогындағы алғашқы кезең болды.

Бұған дейін қазақстандық спортшы өткен маусымда жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес алтын медаль жеңіп алған еді.