Басты бет
·
MMA/UFC

Куиллан Салкиллд пен Бенуа Сен-Дени UFC турнирінің басты жекпе-жегін өткізеді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: UFC

Фото: UFC

Австралиялық Куиллан Салкиллд пен франциялық Бенуа Сен-Дени 2027 жылғы 7 ақпанда Сиднейде өтетін UFC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегінде күш сынасады.

Турнир бұрын Qudos Bank Arena деп аталған Afterpay Arena аренасында өтеді. UFC бұл қалада Fight Night сериясындағы турнирді соңғы рет 2017 жылы ұйымдастырған. Жеңіл салмақтағы рейтингте Салкиллд алтыншы, ал Сен-Дени жетінші орында тұр.

26 жастағы Салкиллд UFC-де қатарынан алты рет жеңіске жеткен. Оның кәсіпқой ММА-дегі көрсеткіші 13 жеңіс және бір жеңіліс. Австралиялық спортшы соңғы төрт жекпе-жегін бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқтаған.

2026 жылғы мамырда Салкиллд америкалық Бенил Дариушты техникалық нокаутпен жеңсе, тамызда польшалық Матеуш Гамротты тұншықтыру әдісімен ұтты.

30 жастағы Сен-Денидің еншісінде 17 жеңіс пен төрт жеңіліс бар. Франциялық файтер шілдеде UFC 329 турнирінде британдық Пэдди Пимблеттке қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалды. Ол бірінші раундтың 52-секундында тұншықтыру әдісіне түсіп, қатарынан төрт мерзімінен бұрын жеңіске жеткен сериясын үзді.