Куман Нидерланд құрамасының ӘЧ турнирінен шығуына қатысты пікір білдірді

Фото: KNVB Media
Нидерланд құрамасының бас бапкері Рональд Куман 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Мароккодан жеңілген матчқа қатысты пікір білдірді.
Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында Марокко құрамасы жеңіске жетті (3:2).
«Нидерландта бәрі бізге бес қорғаушымен ойнау керек деді. Біз бес қорғаушымен ойнадық, соған қарамастан тағы да сынға ұшырадық. Тағы да қайталаймын, маған сын бәрібір. Командадан кетемін бе? Бұл туралы өз ойым бар, бірақ әзірге оны бөліспеймін», – деп Куманның сөзін NOS келтіреді.
Еске сала кетейік, Нидерланд құрамасы F тобында 7 ұпай жинап, бірінші орын алды. Ал Марокко құрамасы да 7 ұпаймен C тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне шықты. Келесі кезеңде африкалық команда бұған дейін Оңтүстік Африканы 1:0 есебімен жеңген Канадамен кездеседі.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.