«Лидс» «Манчестер Ситидің» қақпашысы Джеймс Траффордты сатып алды

Бекарыс Әлімхан··
«Лидс» ФК

«Лидс» ФК

«Лидс» Англия құрамасының қақпашысы Джеймс Траффордпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады. Қақпашы «Манчестер Ситиден» ауысып, жаңа клубымен бес жылдық келісім жасасты.

23 жастағы футболшының трансфері туралы «Лидс» клубының баспасөз қызметі хабарлады. Журналист Бен Джейкобстың мәліметінше, келісім сомасы бонустарды есептемегенде 46,7 миллион еуроны құрады.

Бұл трансфер «Лидс» тарихындағы ең қымбат келісім болып тіркелді. Сонымен қатар Траффорд ең қымбат британдық қақпашы атанды.

Қақпашы «Манчестер Сити» академиясының түлегі. 2025 жылдың жазында «қалалықтар» кері сатып алу мүмкіндігін пайдаланып, оны «Бернлиден» 31,2 миллион еуроға қайтарған болатын.

Өткен маусымда Траффорд барлық турнирде 17 матч өткізіп, 13 гол жіберді және 8 ойында қақпасын голдан қорғап қалды.