«Ливерпуль» жолдастық кездесуде «Лидстен» жеңілді

Бегасыл Амирбай ··
«Лидс» ФК

«Лидс» ФК

АҚШ-тың Чикаго қаласында өткен жолдастық кездесуде «Ливерпуль» «Лидске» 2:4 есебімен есе жіберді.

Жолдастық матч

«Ливерпуль» – «Лидс» – 2:4

Голдар: Чемберс, 7; Вирц, 40 – Ааронсон, 60; Калверт-Льюин, 71, 85; Лонгстафф, 74.

Мерсисайдтық клуб есепті матчтың 7-минутында ашты. Бұрыштамадан кейін Милош Керкез допты Люк Чемберске бағыттап, ол оны қақпа торына дәл түсірді. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Флориан Вирц Джереми Фримпонгтың нәтижелі пасын голға айналдырып, «Ливерпульдің» басымдығын еселей түсті.

Екінші таймда «Лидс» ойын барысын өз пайдасына өзгертті. 60-минутта Бренден Ааронсон есеп айырмасын қысқартса, 71-минутта Доминик Калверт-Льюин таразы басын теңестірді. Үш минуттан кейін Шон Лонгстафф қарсылас қорғаушыларының қателігін тиімді пайдаланып, өз командасын алға шығарды.

Матчтың соңғы нүктесін 85-минутта Доминик Калверт-Льюин қойып, дубль авторы атанды. Кездесу соңында «Ливерпуль» сапындағы Джереми Фримпонг жарақат алып, алаңнан ерте кетуге мәжбүр болды.

Келесі жолдастық кездесуде «Ливерпуль» «Монакомен», ал «Лидс» «Лейпцигпен» кездеседі.

«Ливерпуль» жолдастық кездесуде «Лидстен» жеңілді – sport-hub