«Ливерпуль» «Лилль» шабуылшысына қызығушылық танытты

«Лилль» ФК
«Лилль» клубының және Бельгия құрамасының шабуылшысы Матиас Фернандес-Пардо мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін. 21 жастағы футболшыға «Ливерпуль» қызығушылық танытып отыр.
L’Equipe басылымының хабарлауынша, Фернандес-Пардо 2029 жылға дейінгі келісімшартына қарамастан, жазғы трансферлік кезеңде «Лилльден» кетуді жоспарлап отыр.
Бельгиялық ойыншыға үміткер клубтардың бірі – «Ливерпуль». Мерсисайдтықтар Мохамед Салах кеткеннен кейін шабуыл шебін күшейтуді көздейді. Дегенмен, клубтың басты трансферлік мақсаты – ПСЖ вингері Брэдли Барколя. Ал Фернандес-Пардо балама нұсқалардың бірі ретінде қарастырылуда. Сонымен қатар футболшыға «Арсенал», «Челси» және мадридтік «Атлетико» да қызығушылық білдіруде.
Фернандес-Пардо шабуылдың екі қапталында да, орталық шабуылшы позициясында да ойнай алады. Өткен маусымда бельгиялық футболшы 41 матчқа қатысып, сегіз гол соғып, жеті нәтижелі пас берген.
2026 жылғы әлем чемпионатында ол Бельгия құрамасы сапында үш матч өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.