Ломаченко рингке оралу үшін қарсылас іздеуде

Фото: Getty Images
Украиналық боксшы Василий Ломаченко филиппиндік Чарли Суареске қарсы жекпе-жекпен кәсіпқой рингке қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды BoxingScene.
Украиналықтың командасы 36 жастағы Суаресті ұзақ үзілістен кейінгі ең қолайлы қарсылас ретінде қарастырып отыр. Ломаченко бұған дейін арқасындағы жарақаттарға және Top Rank промоутерлік компаниясынан кетуіне байланысты біраз уақыт шаршы алаңнан тыс қалған еді.
Кәсіби рингте Чарли Суарес 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 10 жеңісі нокаутпен аяқталған. Ломаченконың айналасындағы мамандар бұл ықтимал айқасты украиналық боксшының қайта оралу мүмкіндігі ретінде бағалап отыр.
Қазіргі таңда Суарес екінші жартылай жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша міндетті үміткер саналады. Егер Василий Ломаченко жеңіске жетсе, ол бірден WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Эмануэль Наварретеге қарсы жекпе-жекке басты кандидат атануы мүмкін.
Василий Ломаченко соңғы кездесуін 2024 жылы өткізіп, аустралиялық Джордж Камбососты техникалық нокаутпен жеңген еді.