Лондондық клубтар «Галатасарайдың» үздік сұрмергеніне қызығушылық танытуда

Бекарыс Әлімхан··
«Галатасарай» ФК

«Галатасарай» ФК

Лондондық «Арсенал» мен «Тоттенхэм» «Галатасарай» және Нигерия құрамасының 27 жастағы шабуылшысы Виктор Осимхенді қатарға қосу мүмкіндігін қарастырып отыр.

Sky Sports мәліметінше, «Галатасарай» Осимхен бойынша шамамен 65 млн еуро көлеміндегі ұсыныстарды қарастыруға дайын. Футболшыға «Арсенал» мен «Тоттенхэм» қызығушылық танытып отыр.

Ағылшын клубтарына «Аль-Хиляль» де бәсекелестік танытуы мүмкін. Саудиялық команда «Галатасарайға» ұсыныс жасаған, алайда трансферді тіркеу үшін клуб алдымен құрамнан бір ойыншыға орын босатуы қажет.

Осимхен 2025 жылдың жазында «Галатасарайдың» толыққанды ойыншысына айналды. Оған дейін ол Стамбұл клубында «Наполиден» жалға алынған болатын. Өткен маусымда шабуылшы 22 гол соғып, «Галатасарайға» Түркия чемпионатында жеңіске жетуге көмектесті.