Магомед Адиев Қазақстан құрамасымен келіссөз жүргізіп жатқанын жоққа шығарды

Фото: ҚФФ
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев командаға қайта оралуы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді.
Маман Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне қайта келу туралы келіссөздер жүргізіліп жатқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды.
«Менімен ешкім байланысқа шыққан жоқ. Мұндай ақпараттың қайдан шыққанын білмеймін», – деді Адиев Sports.kz сайтына берген сұхбатында.
Адиев Қазақстан құрамасын 2022-2024 жылдар аралығында басқарды. Оның жетекшілігімен команда Ұлттар лигасындағы тобында жеңіске жетіп, тарихта алғаш рет В дивизионына көтерілді. Ал Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы соңғы турға дейін турнирдің негізгі кезеңіне тікелей шығу мүмкіндігін сақтап келді.
Ұлттық құрамадағы жұмысына дейін маман қарағандылық «Шахтер» клубын жаттықтырды. 2021 жылы оның жетекшілігіндегі команда Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіндегі плей-офф раундына дейін жетті.
Қазақстан құрамасынан кеткеннен кейін Адиев ресейлік «Ахмат», «Химки» және «Крылья Советов» клубтарында жұмыс істеді. Мамандығы бойынша соңғы қызмет орны беларусьтік «МЛ Витебск» клубы болды.