Махмұд Сабырхан Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласын білді

ҚБФ
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан ХХ жазғы Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін 24 қыркүйекте өткізеді.
Ол турнирдегі алғашқы кездесуінде Иран өкілі Мехди Каземиге қарсы жұдырықтасады.
Қазақстандық боксшының қарсыласы Жапонияда бір жекпе-жек өткізіп үлгерді. Алдын ала кезеңде Каземи Солтүстік Корея боксшысы Чон Рен Соны жеңіп, жекпе-жек 4:1 есебімен аяқталды.
Сабырхан – Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасындағы алты боксшының бірі. Одан бөлек, ел намысын Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (90 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) қорғайды.