Басты бет
·
АО-2026

Қазақстандық баскетболшылар Азия ойындарында Қытайдан жеңілді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Владислав Семёнов

Фото: Владислав Семёнов

Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында баскетболдан 3×3 форматындағы алғашқы матчын өткізді.

Қазақстандықтар топтық кезеңдегі алғашқы ойында Қытай құрамасымен кездесіп, 12:18 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Қытай алты ұпай айырмасымен жеңіске жетті.

А тобында Қазақстан мен Қытайдан бөлек, Қатар және Шри-Ланка құрамалары өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасының алдында топтық кезеңде тағы екі матч бар.

22 қыркүйек — Қазақстан – Шри-Ланка

23 қыркүйек — Қазақстан – Қатар

Қытай құрамасы бұған дейінгі екі Азия ойындарында — 2018 және 2023 жылдары әйелдер арасындағы 3×3 баскетболдан чемпион атанған.

Азия ойындары 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Қазақстандық баскетболшылар Азия ойындарында Қытайдан жеңілді – sport-hub