Қадырбек Шынбаев Қазақстанға Азия ойындарындағы екінші алтынды әкелді

Фото: Нұрғали Жұмағазы
Қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында ММА-дан алтын медаль жеңіп алды.
71 келіге дейінгі салмақта өткен финалда Шынбаев Тәжікстан өкілі Бехруз Хуршедшодуды 3:0 есебімен жеңді.
Қазақстандық спортшы ширек финалда Бахрейн өкілі Құрбан Идрисовті, ал жартылай финалда Өзбекстан спортшысы Нодирбек Шавкатовты жеңген.
Бұл Қазақстан қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.ның биылғы Азия ойындарындағы ММА-дан алған екінші алтыны және үшінші медалі.
Бұған дейін Еркінғали Бүркүталин дәстүрлі стильдегі ММА-дан 77 келіге дейінгі салмақта чемпион атанса, Санжар Әділов 65 келіге дейінгі салмақта қола жүлде алған.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.