Басты бет
·
АО-2026

Қазақстан спортшы Азия ойындарында тарихи жүлдеге ие болды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Владислав Семёнов

Фото: Владислав Семёнов

Еркінғали Бүркіталин Қазақстан тарихында тұңғыш рет Азия ойындарында ММА-дан алтын медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшы Жапонияның Айти префектурасы мен Нагояда өтіп жатқан жарыста 77 келіге дейінгі салмақта дәстүрлі стиль бойынша топ жарды.

Шешуші жекпе-жекте Бүркіталин Бахрейн өкілі Мұхаммад Набиевтен басым түсті. Бұл жеңіс Қазақстан спорты үшін тарихи жетістікке айналды. Өйткені аралас жекпе-жек жазғы Азия ойындарының медальдар бағдарламасына алғаш рет енгізілді.

Бұған дейін дәстүрлі стильде қазақстандық Санжар Әділов (65 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған. Ал Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Қадырбек Шынбаев заманауи стильде 71 келіге дейінгі салмақта финалға шықты.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Қазақстан спортшы Азия ойындарында тарихи жүлдеге ие болды – sport-hub