Басты бет
·
АО-2026

Қазақстан құрамасы Азиадада Малайзияға есе жіберді

Бекарыс Әлімхан··
ҚФФ

ҚФФ

Қазақстанның eFootball құрамасы Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы кездесуін Малайзиядан жеңіліспен бастады. D тобындағы матч 0:2 есебімен аяқталды.

Ойын Айти Sky Expo алаңында өтті. Қазақстан сапында Қаныш Әбікенов (abdulkin001) пен Нұрбақыт Мирғали (Nurba) өнер көрсетіп жатыр. D тобындағы үшінші команда – Тәжікстан. Қазақстан құрамасы онымен де 22 қыркүйекте кездеседі.

Айта кетейік, Мирғали eFootball бойынша ұлттық іріктеуде жеңіске жетіп, Азиадаға жолдама алған. Ол жарыс алдында киберспорттан Қазақстан тарихындағы алғашқы медальді жеңіп алуды мақсат ететінін айтқан.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.