Басты бет
·
АО-2026

Үстел теннисі: Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарынан шығып қалды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Арлан Олжабай

Фото: Арлан Олжабай

Қазақстанның үстел теннисінен әйелдер құрамасы Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарындағы командалық жарыстың 1/8 финалында жеңіліп қалды.

Ширек финалға шығу үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшылар Өзбекстан құрамасына 2:3 есебімен есе жіберді. Қазақстан сапында Сарвиноз Миркадирова, Зауреш Акашова және Альбина Жақсылықова өнер көрсетті. Есеп 2:2 болған кезде бәрі бесінші жекелей кездесуде шешілді. Онда Өзбекстан өкілі жеңіске жетті.

Айта кетейік, топтық кезеңде қазақстандықтар Оңтүстік Кореядан 0:3 есебімен жеңіліп, кейін Мальдив аралдарын 3:1 есебімен ұтты. Осы нәтиже Қазақстан құрамасына С тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтуде. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.