Басты бет
·
АО-2026

Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландты жеңіп, Азия ойындарында екінші рет жеңіске жетті

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Сали Сабиров

Фото: Сали Сабиров

Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияның Айти префектурасы мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында ватерполдан екінші жеңісіне қол жеткізді.

Турнирдегі үшінші матчында қазақстандықтар Таиланд құрамасын матчтан кейінгі лақтырулар сериясында 14:13 есебімен жеңді. Үлкен үзіліске дейін Қазақстан 3:7 есебімен жеңіліп жатқан еді. Алайда екінші таймда есепті теңестіріп, ойынды айып лақтырулар сериясына жеткізді. Онда қазақстандықтар дәлірек болды.

Үш матчтан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде екі жеңіс және бір жеңіліс бар. Турнирдің алғашқы ойынында Қазақстан Сингапурды 12:7 есебімен жеңсе, кейін Жапониядан 10:25 есебімен жеңілген.

Қазақстандықтарды алда тағы екі кездесу күтіп тұр. 23 қыркүйекте команда Қытаймен, ал 24 қыркүйекте Өзбекстанмен ойнайды.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландты жеңіп, Азия ойындарында екінші рет жеңіске жетті – sport-hub