Басты бет
·
АО-2026

Нұрқанат Әжіқанов ел қоржынына кезекті жүлдені салды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Арлан Олжабай

Фото: Арлан Олжабай

Нұрқанат Әжіқанов Жапонияның Айти префектурасы мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль иеленді. Үшінші орын үшін болған жекпе-жекте қазақстандық спортшы Филиппин өкілі Алвин Батиканнан 10:1 есебімен басым түсті.

Бұған дейін Әжіқанов ирандық Мортеза Нематиге есе жіберіп, кейін жұбаныш жекпе-жектері арқылы қола жүлде үшін кездесуге дейін жетті. Бұл спортшылар 2025 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатының финалында да жолыққан. Сол кезде қазақстандық спортшы алтын медаль жеңіп алған еді.

Еске салайық, Әжіқанов екінші Азия ойындарында қатарынан жүлдеге ие болды. 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ол осы салмақта чемпион атанған.

Оның қоласы Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы каратэден бесінші медалі болды. Бұған дейін Софья Берульцева мен Жоламан Биғабыл алтын, Асель Қанай күміс, ал Бэлла Самашева қола медаль жеңіп алған.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Нұрқанат Әжіқанов ел қоржынына кезекті жүлдені салды – sport-hub