«Манчестер Сити» Бельгия құрамасының қорғаушысына қызығушылық танытты
Бөлісу

«Брюгге» ФК
«Брюгге» клубының сол қапталдағы қорғаушысы Хоакин Сейс мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін. 21 жастағы Бельгия құрамасының ойыншысына «Манчестер Сити» қызығушылық танытып отыр.
Mirror Football мәліметінше, Сейсті Англияның бірнеше клубы бақылап жүр. Ал «Брюгге» өз түлегін сатуға асықпайды және футболшының бағасын шамамен 35 миллион еуро деп бағалап отыр.
«Манчестер Ситиден» бөлек, бұған дейін Сейске «Манчестер Юнайтед», «Арсенал» және «Астон Вилла» да қызығушылық танытқан.
Өткен маусымда Сейс барлық турнирде 55 матч өткізіп, 5 гол және 8 нәтижелі пас тіркеді. Бельгия құрамасы сапында қорғаушы 6 ойын өткізді.