«Манчестер Сити» бір бразилиялықтың орнына екіншісін алуы мүмкін

Бекарыс Әлімхан··
«Палмейрас» ФК

«Палмейрас» ФК

«Манчестер Сити» «Палмейрас» клубының 22 жастағы вингері Алланмен жеке келісімшарттың талаптары бойынша келісімге келді.

Фабрицио Романоның мәліметінше, ағылшын клубы қазірдің өзінде «Палмейраспен» трансфер бойынша келіссөздерді бастады. Футболшының өзі «Манчестер Ситиге» ауысуға келісімін берген. «Қалалықтар» Алланды «Тоттенхэмге» ауысатын Савиньоның орнына алуды қарастырып отыр.

Аллан «Палмейрастың» түлегі. Ол негізгі команда сапында 2025 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бразилиялық клубпен келісімшарты 2029 жылдың соңына дейін жарамды. Өткен маусымда Аллан 41 матч өткізіп, алты гол соқты және алты нәтижелі пас берді.

«Манчестер Сити» бір бразилиялықтың орнына екіншісін алуы мүмкін – sport-hub