«Тоттенхэм» «Манчестер Ситимен» Савиньоның трансфері бойынша келісімге келді
Бөлісу

«Манчестер Сити» ФК
«Тоттенхэм» «Манчестер Сити» клубымен 22 жастағы бразилиялық вингер Савиньоны трансферлеу бойынша ауызша келісімге келді.
Фабрицио Романоның мәліметінше, Савиньо жақын арада Лондонға медициналық тексеруден өту үшін аттанады. Осыдан кейін тараптар трансферді ресми түрде рәсімдей алады. Келісім сомасы 99 миллион еуродан асуы мүмкін.
Айта кетейік, Савиньо бұған дейін «Манчестер Сити» басшылығына ойын тәжірибесін арттыру үшін командадан кеткісі келетінін жеткізген. «Тоттенхэм» бірнеше ай бойы бразилиялық футболшыны негізгі трансферлік мақсаттарының бірі ретінде қарастырды.
Өткен маусымда Савиньо барлық турнирде 36 матч өткізіп, төрт гол соқты және үш нәтижелі пас берді.