Басты бет
·
Футбол

«Манчестер Юнайтед» «Бенфика» шабуылшысына қызығушылық танытты

Бекарыс Әлімхан··
«Бенфика» ФК

«Бенфика» ФК

«Манчестер Юнайтедтің» жаңа бас бапкері Маурисио Почеттино «Бенфика» шабуылшысы Вангелис Павлидисті қысқы трансферлік кезеңде командаға қосылуы мүмкін футболшылар тізіміне енгізді.

CaughtOffside басылымының мәліметінше, ағылшын клубы 2027 жылдың қаңтарында шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр. Негізгі үміткерлердің бірі – осы маусымда 19 матчта 19 гол соққан 27 жастағы грекиялық шабуылшы.

Өткен маусымда Павлидис 46 кездесуде 27 рет мергендігімен көзге түскен. Оның «Бенфикамен» келісімшарты 2029 жылдың маусымына дейін жарамды. Келісімшартта көрсетілген өтемақы мөлшері 100 миллион еуроны құрайды.

Футболшының өзі Англия Премьер-лигасында өнер көрсетуге қызығушылық танытып отыр. «Манчестер Юнайтедтен» бөлек, оған «Тоттенхэм» мен «Барселона» да назар аударған.

Сонымен қатар манкуниандықтардың шабуыл шебін күшейтуге үміткерлер қатарында «Галатасарай» ойыншысы Виктор Осимхен, «Әл-Ахли» шабуылшысы Айван Тони және дортмундтық «Боруссия» футболшысы Серу Гирасси бар.

Еске салайық, Маурисио Почеттино 18 қарашада қызметінен босатылған Майкл Кэрриктің орнына «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері болып тағайындалды.

Англия Премьер-лигасының он турынан кейін команда сегіз ұпаймен турнирлік кестеде 18-орында тұр.

«Манчестер Юнайтед» келесі кездесуін 22 қарашада сырт алаңда «Ливерпульге» қарсы өткізеді.

«Манчестер Юнайтед» «Бенфика» шабуылшысына қызығушылық танытты – sport-hub