«Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» «Баварияның» жас қақпашысына таласып жатыр

Фото: Imago
Англиялық «Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» клубтары мюнхендік «Баварияның» 17 жастағы қақпашысы Леонард Прескоттты қатарына қосуға ниетті.
TEAMtalk мәліметінше, екі клубтың өкілдері футболшының айналасындағы адамдармен байланысып, ықтимал трансферді талқылаған. Жас қақпашының «Бавариямен» келісімшарты 2027 жылдың жазында аяқталады. Ал тараптар жаңа келісімге қатысты әлі ортақ шешімге келген жоқ.
Прескотттың өзі де команда ауыстыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Себебі «Бавария» Мануэль Нойер мансабын аяқтағаннан кейін негізгі қақпашы қызметін Йонас Урбигке сеніп тапсыруды жоспарлап отыр. Бұл жас футболшының тұрақты ойын тәжірибесін алуына кедергі келтіруі мүмкін.
Прескоттқа манчестерлік клубтардан бөлек, «Арсенал», «Челси», «Тоттенхэм», «Ювентус» және Германия Бундеслигасының бірнеше командасы қызығушылық танытып отыр.
Алайда қақпашының Англияға ауысуына жасына байланысты шектеулер кедергі келтіруі мүмкін. Прескотт 2027 жылдың қыркүйегінде 18 жасқа толады. Сондықтан оның ағылшын клубына трансфері 2028 жылдың қаңтарынан ерте жүзеге аспауы ықтимал.
Айта кетейік, Леонард Прескотт 2023 жылы «Унион Берлиннен» «Бавария» академиясына ауысқан. 2026 жылдың наурызында Чемпиондар лигасындағы «Аталантаға» қарсы матчта алғаш рет негізгі команданың өтініміне енгенімен, алаңға шыққан жоқ.