«Манчестер Юнайтед» Шотландия құрамасының қақпашысын қатарға қосуы мүмкін

Фото: SFA
«Манчестер Юнайтед» Шотландия құрамасының қақпашысы Ангус Ганн трансферін қарастыруда.
The Sun басылымының мәліметінше, 30 жастағы қақпашы «Ноттингем Форест» клубынан кеткеннен кейін құрамды күшейтуге үміткерлердің бірі атанған. Манчестерлік клуб оны еркін агент ретінде шақыру мүмкіндігін қарастырып отыр.
«Манчестер Юнайтед» қақпашылар позициясын жаңартуды жоспарлап, жазғы трансферлік кезеңде камерундық Андре Онана мен түркиялық Алтай Байындыр ойыншыларымен қоштасуды көздеп отыр.
Өткен маусымда Ангус Ганн «Ноттингем Форест» сапында өнер көрсетті. 2026 жылғы әлем чемпионатында ол Шотландия құрамасы үшін Гаити (1:0), Марокко (0:1) және Бразилия (0:3) құрамаларына қарсы матчтарда алаңға шықты. Үш тур қорытындысы бойынша шотландтар топта үшінші орын алып, плей-офф кезеңіне шығуға теориялық мүмкіндігін сақтап отыр.