Марсело Бьелса Кабо-Вердемен болған тең ойынның себебін түсіндірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AUF

Фото: AUF

Уругвай құрамасының бас бапкері Марсело Бьелса 2026 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің екінші турында Кабо-Вердемен болған тең ойынға қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін Н тобының екінші турындағы кездесуде Уругвай мен Кабо-Верде құрамалары 2:2 есебімен тең түскен болатын. Матчтан кейін оңтүстікамерикалық команданың бапкері күтпеген ұпай жоғалтудың себептерін түсіндірді.

«Біз қорғаныста сенімді ойнаған кезде, матч барысы алға шығуымызға мүмкіндік берді. Ал ойын тізгінін қарсыласқа берген сәттерде біздің басымдығымыз азая түсті. Нәтижеге әсер еткен басты фактор – ойын қарқынының төмендеуі болды. Бұлай болмауы керек еді», – деді Бьелса ФИФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.

Екі турдан кейін Испания төрт ұпаймен Н тобында көш бастап тұр. Уругвай мен Кабо-Верденің еншісінде екі ұпайдан болса, Сауд Арабиясы бір ұпаймен соңғы орында келеді.

Топтық кезеңнің соңғы турында 27 маусым күні Уругвай Испаниямен кездеседі, ал Кабо-Верде Сауд Арабиясына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтуде.

Марсело Бьелса Кабо-Вердемен болған тең ойынның себебін түсіндірді – sport-hub