Мартинес Мысырмен өткен матч туралы: Бұл ойын мәңгі есте қалады

Фото: AFA
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лаутаро Мартинес 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мысырды 3:2 есебімен жеңгеннен кейін әсерімен бөлісті.
Кездесу барысында аргентиналықтар 0:2 есебімен жеңіліп жатқанымен, матч соңында камбэк жасап, жеңіске жетті.
«Бұл өте қиын матч болды. Соңғы уақытта мұндай ауыр кездесуді бастан өткермеген едік. Қарсылас бізге үлкен қысым жасап, физикалық тұрғыдан өте мықты ойын көрсетті. Біздің команда қарапайымдылық пен жанкештілікке негізделген.
Леоның алаңда жылап тұрғанын көргенде, мен де оған бірге жылап тұрғанымды айттым. Өйткені ол соған лайық. Бұл команда ешқашан берілмейді және соңына дейін күреседі.
Су ішуге арналған үзіліс кезінде бас бапкер бізге алға ұмтылып, бар күшімізді салуды тапсырды. Біз мүмкіндігімізді іздеуді жалғастырдық, ақыры қақпа ашылды. Бұл эмоцияға толы күн болды. Бұл матч мәңгі есімде қалады», – деді Мартинес.
Енді Аргентина құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Швейцариямен кездеседі. Швейцариялықтар 1/8 финалда Колумбияны негізгі және қосымша уақытта 0:0 есебімен тең түскеннен кейін, пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде өтеді.