Мбаппе Франция құрамасындағы 100 ойынына орай естелік жейде алды
Бөлісу

Фото: FFF
Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам команда капитаны Килиан Мбаппеге ұлттық құрама сапындағы 100-ші ойынына орай естелік жейде табыстады.
Қазіргі таңда шабуылшы құрама сапында 102 матч өткізіп үлгерді. Мбаппенің ұлттық құрамадағы дебюті 2017 жылы өтті. Осы уақыт аралығында ол 62 гол соғып, 42 нәтижелі пас берді.
Франция құрамасы сапында Мбаппе 2018 жылы әлем чемпионы атанса, 2022 жылы командасына әлем біріншілігінің финалына шығуға көмектесті. Айта кетейік, келесі ойынын француздар 5 шілде күні Парагвай құрамасына қарсы әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында өткізеді.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.