Мбаппе Франция – Швеция матчының үздік ойыншысы атанды

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Швецияға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды.

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы кездесудің 45 және 74-минуттарында екі гол соқты. Нәтижесінде Франция құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.

Келесі кезеңде француздар Парагвай құрамасымен кездеседі. Матч 5 шілде күні өтеді.

Айта кетейік, Франция топтық кезеңде тоғыз ұпай жинап, I тобында бірінші орын алды. Ал Швеция құрамасы төрт ұпаймен F тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне шыққан болатын.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.

Мбаппе Франция – Швеция матчының үздік ойыншысы атанды – sport-hub