Мбаппе Франция құрамасының ӘЧ-2026 жартылай финалына шығуына пікір білдірді

Фото: FFF
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Марокконы 2:0 есебімен жеңгеннен кейінгі әсерімен бөлісті.
Сондай-ақ Мбаппе матчтан кейін жарақат алмағанын айтты. Ол бұған дейін кездесудің 77-минутында алаңнан ауыстырылған болатын.
«Тобығыма соққы тиді, бірақ бәрі жақсы. Сол сәтте Жан-Филипп Матета матчтың соңғы минуттарын өткізуге менен гөрі жақсырақ дайын болды. Осы Франция құрамасының құпиясы қандай дейсіз бе? Демалудың жалғыз жолы – жеңіске жету. Біз мақсатымызға жеткенше қарқынымызды бәсеңдетпейміз. Жартылай финалға шыққанымызға өте қуаныштымыз, бірақ алда әлі ұзақ жол бар. Келесі кезеңде бұдан да мықты сынақтар күтіп тұрғанын түсінеміз және оған толық дайынбыз», – деді Мбаппе ФИФА-ға берген сұхбатында.
Әлем чемпионатының жартылай финалында Франция құрамасы Испания – Бельгия жұбының жеңімпазымен кездеседі. Матч 11 шілде күні Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.