Мексика – ОАР: ӘЧ ашылу ойынына арналған негізгі құрамдар белгілі болды

Али Асетов··
Фото: miseleccionmx_en Instagram парақшасынан

Фото: miseleccionmx_en Instagram парақшасынан

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу матчында алаңға шығатын Мексика ұлттық құрамасы мен Оңтүстік Африка Республикасы ұлттық құрамасының бастапқы құрамалары жарияланды.

Кездесу 11 маусымнан 12 маусымға қараған түні Мехикодағы әйгілі Ацтека стадионы аренасында өтеді. Матч Астана уақытымен 00:00-де басталады.

Ойынның бас төрешісі болып бразилиялық арбитр Вилтон Сампайо тағайындалды.

Мексика құрамасының негізгі құрамы:
Ранхель, Монтес, Васкес, Гальярдо, Рейес, Гутьеррес, Лира, Фидальго, Альварадо, Киньонес, Хименес.

ОАР құрамасының негізгі құрамы:
Уильямс, Мудау, Окон, Мбокази, Модиба, Сибиси, Ситхоле, Мокоэна, Адамс, Фостер, Рейнерс.

Екі құрама да А тобында өнер көрсетеді. Екінші турда Мексика 19 маусымда Оңтүстік Корея ұлттық футбол құрамасымен кездессе, топтық кезеңді 25 маусымда Чехия ұлттық футбол құрамасына қарсы матчпен аяқтайды.

Ал ОАР құрамасы алдымен 18 маусымда Чехиямен ойнап, кейін 25 маусымда Оңтүстік Кореямен матч өткізеді.