Мераб Двалишвили UFC-дегі келесі қарсыласы кім болғанын қалайтынын айтты

Фото: Jeff Bottari / Zuffa LLC
UFC ұйымының аса жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили келесі жекпе-жегін қытайлық Сонг Ядонгқа қарсы өткізгісі келетінін мәлімдеді.
Грузиялық файтер блогер Нина Драмаға берген сұхбатында Петр Яннан жеңілгеннен кейін октагонға оралу жоспары туралы айтты.
«Келесі жекпе-жегімді мүмкіндігінше тезірек өткізгім келеді. Менің ойымша, Сонг Ядонгпен кездесуім керек. Өйткені оған чемпиондық жекпе-жек беріле қоймас. Меніңше, Петр Янмен чемпиондық белбеу үшін Шон О'Мэлли жұдырықтасады. Ал маған Сонг Ядонгты қарсылас ретінде ұсынуға болады. Бұл керемет жекпе-жек болар еді! Мен кез келген уақытта октагонға шығуға дайынмын», – деді Двалишвили.
Еске салайық, грузиялық спортшы соңғы жекпе-жегін 24 қазанда Әбу-Дабиде өткен UFC 333 турнирінде өткізіп, қазіргі чемпион Петр Янға төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен есе жіберген. Бұл екі файтердің арасындағы үшінші кездесу болды.
Ал Сонг Ядонг тамыз айында Умар Нурмагомедовті екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен еді.