Мерино: «Испанияда алтын буын бар, біз бұл титулға лайық болдық»

Бегасыл Амирбай ··
Фото: RFEF

Фото: RFEF

Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Микель Мерино 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жеңістен кейін өз эмоциясымен бөлісті.

2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, 2010 жылдан кейін алғаш рет әлем чемпионы атанды.

«Бұл – керемет сезім. Өте ерекше сәт. Қазіргі таңда Испания құрамасында жастардан құралған алтын буын қалыптасып келеді. Әлем кубогын жеңіп алғанымызға өте қуаныштымыз.

Біз өзіміздің ең мықты команда екенімізді білеміз. Құрамамыз жоғары деңгейімізді көрсетті және бұл жеңіске толықтай лайық болдық», – деп Мериноның сөзін Sky Sports келтіреді.

2026 жылғы әлем чемпионатында Микель Мерино 8 матч өткізіп, Португалия (1:0) және Бельгия (2:1) құрамаларына қарсы кездесулерде екі гол соқты.

Мерино: «Испанияда алтын буын бар, біз бұл титулға лайық болдық» – sport-hub