Месси Аустрияны жеңгеннен кейінгі әсерімен бөлісті
Бөлісу

Фото: Getty Images
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Аустрияға қарсы матчтан кейін өз пікірін айтты.
Кездесу Оңтүстік Америка өкілдерінің 2:0 есебімен жеңіспен аяқталды.
Мессидің айтуынша, бұл жеңіс команда үшін аса маңызды болған.
«Ең алдымен осы жеңіске өте қуаныштымын. Бұл біз үшін өте маңызды әрі ауыр келген жеңіс болды. Енді алдағы ойындарға сенімдірек қарай аламыз. Әлем чемпионатындағы әр матч тартысты өтуде. Мен осы сәттен ләззат алып жүрмін және бұл жетістікті командаластарыммен бірге атап өтуді асыға күтемін».
Екі турдан кейін Аргентина құрамасы 6 ұпай жинап, J тобында жеке-дара көш бастап тұр. Ал Аустрия 3 ұпаймен екінші орында келеді.