Басты бет
·
Теннис

«Мүмкіндіктерімді пайдалана алмадым». Гауфф Носковадан жеңілуінің себебін түсіндірді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Әлемнің төртінші ракеткасы Кори Гауфф WTA-2026 қорытынды турнирінде чехиялық Линда Носковадан жеңілгеннен кейін пікір білдірді.

Америкалық теннисші қарсыласына екі сетте бірдей 3:6, 3:6 есебімен жол берді.

Кездесуден кейін Гауфф ойынға бірден кірісіп кете алмағанын мойындады. Оның айтуынша, Носкова қарсыласының қателіктерін тиімді пайдаланып, маңызды сәттерде жақсы өнер көрсеткен.

«Мен матчқа бірден кірісіп кете алмадым. Линда өте жақсы ойнады және мен берген мүмкіндіктердің бәрін пайдаланды. Менде де жақсы сәттер болды, бірақ оларды жүзеге асыра алмадым. Менің ойымша, матчтың тағдырын дәл осы жағдай шешті», – деді Гауфф.

Енді америкалық теннисші топтық кезеңдегі соңғы кездесуін украиналық Марта Костюкке қарсы өткізеді. Костюк алғашқы екі матчында жеңіліп, жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылған.

Топтық кезеңнің шешуші матчтары 13 қарашада өтеді. Сол күні Линда Носкова Джессика Пегуламен кездеседі. Осы ойындардан кейін топтағы теннисшілердің қорытынды орындары анықталады.

Айта кетейік, екінші топта Арина Соболенко, Мирра Андреева, Элина Свитолина және Каролина Мухова өнер көрсетіп жатыр.