Басты бет
·
Теннис

Таунсенд пен Синякова WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетті

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA-2026 қорытынды турнирінде жұптық сындағы кезекті кездесу аяқталды.

Америкалық Тейлор Таунсенд пен чехиялық Катержина Синякова нидерландтық Деми Схурс пен австралиялық Эллен Перес жұбын жеңді.

Бірінші сет тартысты өтіп, жеңімпаз тай-брейкте анықталды. Таунсенд пен Синякова шешуші сәтте басым түсіп, алғашқы партияны өз пайдасына аяқтады.

Екінші сетте де америкалық-чехиялық жұп қарсыластарынан басым болып, кездесуді жеңіспен аяқтады.

Матч 1 сағат 37 минутқа созылып, 7:6, 6:3 есебімен аяқталды.

WTA-2026 қорытынды турнирі. Жұптық сайыс. Топтық кезең.

Тейлор Таунсенд / Катержина Синякова – Деми Схурс / Эллен Перес – 7:6, 6:3.