Муньостың голы Колумбияны плей-оффқа шығарды

ФИФА
Колумбия 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Конго Демократиялық Республикасы құрамасын 1:0 есебімен жеңді.
Кездесу Мексиканың Сапопан қаласындағы Акрон стадионы аренасында өтті. Ойынның алтыншы минутында Даниэль Муньос есеп ашқандай болғанымен, гол офсайдқа байланысты есепке алынбады. Африкалық команда матчтың басым бөлігінде қорғаныста ойнады. Алайда бұл Муньостың 76-минутта жеңіс голын соғуына кедергі бола алмады.
Осылайша, алты ұпай жинаған Колумбия K тобында көш бастап, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды. Төрт ұпайы бар Португалия екінші орында келеді. Бір ұпаймен Конго Демократиялық Республикасы үшінші сатыда тұрса, Өзбекстан соңғы орында қалып отыр.
Топтық кезеңнің соңғы турында Португалия Колумбиямен кездеседі. Ал Өзбекстан құрамасы Конго Демократиялық Республикасына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.