«Ньюкасл» «Баварияның» жартылай қорғаушысын алғысы келеді
Бөлісу

«Тоттенхэм» ФК
Ағылшындық «Ньюкасл» клубы «Баварияның» және Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Жоау Пальиньяға қызығушылық танытып отыр. 31 жастағы футболшы команданың ортаңғы шебін күшейтуге үміткерлер тізіміне енген.
Daily Mail мәліметінше, «Ньюкасл» «Баварияның» жартылай қорғаушысы Жоау Пальиньяны трансферлік мақсаттарының бірі ретінде қарастыруда. Сонымен қатар 31 жастағы португалиялыққа «Астон Вилла» клубы да қызығушылық білдіруде.
Еске салайық, Пальиньяның құқығы «Баварияға» тиесілі. Алайда өткен маусымды ол жалға «Тоттенхэм» сапында өткізді. Лондондық клуб құрамында жартылай қорғаушы барлық турнирде 42 матчқа қатысып, жеті гол соғып, үш нәтижелі пас берген.