«Ньюкасл» «Боруссия» жартылай қорғаушысына рекордтық ұсыныс дайындап жатыр

Бегасыл Амирбай ··
«Боруссия Дортмунд»

«Боруссия Дортмунд»

«Ньюкасл» «Арсеналға» ауысуға жақын тұрған Бруну Гимарайнштың орнын басатын негізгі үміткерді анықтады. Ағылшын клубының басты мақсаты дортмундтық «Боруссияның» жартылай қорғаушысы Феликс Нмеча.

Sky Germany мәліметінше, «Ньюкасл» 25 жастағы футболшының өкілдерімен келіссөздерді бастап кеткен және жақын арада дортмундтық клубқа 100-120 миллион еуро көлемінде ресми ұсыныс жолдамақ.

Өткен маусымда Нмеча барлық турнирде 42 матч өткізіп, бес гол соғып, үш нәтижелі пас берген. «Ньюкаслдан» бөлек, неміс жартылай қорғаушысына «Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» де қызығушылық танытып отыр.