«Ньюкасл» Маттиас Яйсслені бас бапкер етіп тағайындады

Бегасыл Амирбай ··
«Ньюкасл» ФК

«Ньюкасл» ФК

«Ньюкасл» Маттиас Яйсслені бас бапкер қызметіне тағайындағанын ресми түрде жариялады.

38 жастағы маманның тағайындалғаны туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мен үшін «Ньюкаслдың» бас бапкері болу үлкен мәртебе. Бұл өзіндік тарихы, дәстүрі және керемет жанкүйерлері бар Еуропаның ең ірі клубтарының бірі. Мұндай клуб ұсыныс жасағанда бейжай қалу мүмкін емес. Мені клубтың амбициясы, болашаққа деген көзқарасы және жобаның ауқымы қызықтырды.

Мен болашаққа үлкен сеніммен қараймын. Бұл жобаға, оның мақсаттары мен даму бағытына толықтай сенемін. Клубта айқын стратегия, мықты басқару жүйесі және әрі қарай дамуға тамаша негіз бар. Менің командаларым әрқашан бірлікке, қажырлы еңбекке, жоғары қарқынға және күн сайын жақсара түсуге ұмтылуға негізделеді.

Клубтың алға қойған мақсаттарына жетуіне көмектесу үшін бар күшімді саламын. Бұл команданың әлеуеті өте жоғары. Ойыншылармен, жаттықтырушылар штабымен және клуб басшылығымен жұмыс бастауды асыға күтемін. «Ньюкаслды» бірге алға жылжытамыз», – деді Яйссле.

Ағылшын клубына келгенге дейін неміс маманы 2023 жылдан бері «Әл-Ахлиді» жаттықтырды. Бұған дейін ол «Ред Булл Зальцбургте» жұмыс істеп, командамен бірге екі рет Австрия чемпионы атанып, ел Кубогын жеңіп алған. «Әл-Ахлимен» бірге Сауд Арабиясы Суперкубогын жеңіп алып, Азия чемпиондар лигасында екі мәрте топ жарды.

«Ньюкасл» Маттиас Яйсслені бас бапкер етіп тағайындады – sport-hub