«Ньюкасл» Чехия құрамасының қақпашысымен күшейді

«Брага» ФК
«Ньюкасл» Чехия құрамасының қақпашысы Лукаш Горничекті ресми түрде қатарына қосты. Қақпашы португалиялық «Брага» клубынан ауысып, ағылшын командасымен бес жылдық келісімшартқа қол қойды.
Transfermarkt мәліметінше, ағылшын клубы футболшы үшін шамамен 30 миллион еуро төлеген. Өткен маусымда Горничек 55 матч өткізіп, «Брагаға» Еуропа лигасының жартылай финалына дейін жетуге көмектесті.
Чех қақпашысының трансфері «Ньюкаслдың» француз қақпашысы Эвен Жауэннің жағдайына әсер етуі мүмкін. Клуб оны бұған дейін 28,5 миллион еуроға сатып алған болатын. Бастапқыда дәл осы ойыншы негізгі құрамдағы бірінші нөмір болуға басты үміткер саналған еді, алайда Горничектің келуі бәсекені күшейтеді.
2026 жылғы әлем чемпионатында қақпашы Чехия құрамасының өтініміне енгенімен, бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.