Басты бет
·
Бокс

Надежда Рябец финалға шықпай-ақ Қазақстан чемпионы атанды

Али Асетов··
ҚБФ

ҚБФ

Таразда өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында Қостанай облысының өкілі Надежда Рябец алтын медаль жеңіп алды.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Рябец Қарағанды облысының боксшысы Айдана Убайдуллақызымен кездесуі тиіс еді. Алайда қарсыласы жарақатына байланысты рингке шыға алмады.

Осылайша, Надежда Рябец жекпе-жек өткізбестен Қазақстан чемпионы атанды. Ал Айдана Убайдуллақызы күміс жүлдені қанағат тұтты.

6 қарашада Таразда қалған салмақ дәрежелері бойынша финалдық кездесулер өтеді. Биылғы ел чемпионатында ерлер мен әйелдер арасында барлығы 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Айта кетейік, Надежда Рябец бұған дейін Болгарияда өткен «Странджа кубогы» халықаралық турнирінде жеңімпаз атанған. Бұл жарыс бейресми түрде кіші әлем чемпионаты деп аталады.