Басты бет
·
Бокс

Қазақстандық боксшы Болгариядағы жекпе-жек алдында қарсыласымен көз арбасты

Али Асетов··
daulet_daukenov / Instagram

daulet_daukenov / Instagram

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәулет Дәукенов (18-2, 8 КО) Болгарияда өтетін жекпе-жек алдында қарсыласы Йосиф Пановпен (28-4, 14 КО) бетпе-бет кездесті.

Екі боксшы дәстүрлі көз арбасу рәсіміне қатысты. Олардың кездескен сәтінен түсірілген бейнежазба бокс кешін ұйымдастырушылардың бірінің Instagram парақшасында жарияланды.

Жекпе-жек 8 қарашада Болгарияның Плевен қаласында өтеді. Кездесу он раундқа жоспарланған.

Дәулет Дәукенов соңғы рет 18 сәуірде Прагада шаршы алаңға шыққан. Ол словакиялық Лукаш Пасторекті (4-4, 1 КО) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.

Ал Йосиф Панов та сәуір айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Болгариялық боксшы соңғы кездесуінде венесуэлалық Хоникер Товарды (24-9-1, 19 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген.